«ЦентрКредит - Валютный» ИИПҚ ережесіне өзгерістер мен толықтырулар

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a4/605/c73/6a4605c73581b319861363.png

03.07.2026

Құрметті клиенттер,


2026 жылғы 3 тамыздан бастап «BCC Invest» АҚ (бұдан әрі – Басқарушы компания) Директорлар кеңесі бекіткен, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келіскен және Басқарушы компанияның интернет-ресурсында 03.07.2026 жылы жарияланған «ЦентрКредит – Валютный» интервалдық инвестициялық пай қорының (бұдан әрі – Қор) Ережесінің редакциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді.


Енгізілген өзгерістер ескерілген Ереженің редакциясымен салынған файлды жүктеп таныса аласыздар.


«ЦентрКредит – Валютный» қоры – активтер көлемі бойынша Қазақстандағы ірі инвестициялық пай қорларының бірі. Қордың инвестициялық стратегиясы қаражатты әлемнің 12-ден астам еліндегі экономиканың әртүрлі салаларында көшбасшы болып табылатын компаниялардың бағалы қағаздарына инвестициялауды көздейді. Портфель энергетика, қаржы, металлургия, құрылыс және инфрақұрылым салаларын қоса алғанда, секторлар бойынша кеңінен әртараптандырылған.

30.06.2026 жылғы жағдай бойынша Қордың соңғы 12 айдағы кірістілігі (төленген дивидендті қоса алғанда) жылдық 12,99%-ды құрайды.

30.06.2026 жылғы жағдай бойынша Қордың таза активтерінің құны 89,35 млн АҚШ долларын құрайды.

Қордың Ережесіндегі негізгі өзгерістер:

- Пайдың номиналды құны 100 АҚШ долларынан 10 АҚШ долларына дейін деноминацияланады, нәтижесінде бұрын сатып алынған Қордың 1 пайы Қордың 10 пайына тең болады.

- Басқарушы компанияның электрондық арналары арқылы Қордың пайын сатып алу мүмкiндiгi енгізіледі.

Деноминация инвесторлар үшін инвестициялаудың ыңғайлылығын арттыру және өнімнің қолжетімділігін кеңейту мақсатында ғана жүзеге асырылады. Пайдың номиналды құнының төмендеуі инвесторларға инвестиция көлемін неғұрлым икемді қалыптастыруға және Қорға тұрақты түрде қаражат салуға мүмкіндік береді.

Қордың пайын электрондық арналар арқылы сатып алу инвестициялау барысын клиенттер үшін анағұрлым ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етеді.

Енгізілген өзгерістер Қордың инвестициялық стратегиясына әсер етпейді және Басқарушы компанияның Қор активтерін басқару тәртібін өзгертпейді.

«ЦентрКредит – Валютный» қорының пайына инвестициялау шарттарының  қалған бөлігі өзгеріссіз қалады.

Кез келген сұрақпен мына электрондық пошта бойынша хабарласуға болады: funds@bcc-invest.kz


Инвестициялық пай қорларына инвестиция салған кездегі тәуекелдер туралы ақпарат.


«BCC Invest» АҚ ұсынатын инвестициялық пай қорларының пайымен операция жүзеге асырмас бұрын бұл ақпаратты алушылар осы қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен, инвестициялық пай қорының ережесімен және инвестициялық декларациясымен танысуға тиіс. Паймен операция жүргізу туралы шешім қабылдағанда қаржы құралдарына инвестициялау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін, тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыс пен шығын тәуекелін көтеретінін ескерген жөн.

- Пай құны көтерілуі немесе түсуі мүмкін.

- Бұрынғы инвестициялау нәтижесі болашақта түсетін кірісті айқындамайды.

- Мемлекет инвестициялық қорларға салынған инвестицияның кiрiс әкелетініне кепiлдiк бермейдi.


Қордың мемлекеттік тіркелген күні: 23.05.2017ж.

ISIN: KZPF00000900

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берген 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензиясы.