IPO аясында Air Astana $370 млн тартты

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/674/990/c00/674990c00fb02589093305.png

16.02.2024

«Біздің ұлттық әуе тасымалдаушысы IPO-ға шықты. Бұл бүкіл нарық үшін маңызды әрі тарихи мәміле болды. IPO үш орналастыру алаңында өтті, оның ішінде екі қазақстандық биржа және бөлшек инвесторларға арналған жаңа құрал — GDR қолданылды. Қорытынды нәтижелер акцияларды бастапқы орналастыру жеке инвесторлар үшін барған сайын тартымды инвестициялық шешімге айналып келе жатқанын көрсетеді», – деп пікір білдірді BCC Invest басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Уразаков.