МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ! АЛАЯҚТАР!!!

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/661/792/125/6617921254972195584437.jpg

11.04.2024

Құрметті клиенттер!

Сіздерге желіде келесі мекенжай бойынша алаяқтық сайттың пайда болғанын ескертеміз:

http://bccinvest.quizgo.site

«BCC Invest» АҚ бұл сайттың компанияға ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді.

Сіздерден үлкен өтініш — бұл сілтеме бойынша өтпеңіздер, ешқандай әрекет жасамаңыздар, ақша аудармаңыздар және жалған сайтқа бағыттайтын жарнамаларға жауап бермеңіздер.

BCC Invest ешқашан клиенттерден қандай да бір «жарналар» төлеуді сұрамайды және компаниямен брокерлік шарт жасаспай тұрып жеке деректерді талап етпейді.

Компанияның ресми сайты келесі мекенжайда орналасқан:
https://www.bcc-invest.kz/

Өте сақ болыңыздар және қаражаттарыңызды қорғаңыздар!

Құрметпен,
BCC Invest командасы