ВТБ Банкінің акцияларын артықшылықпен сатып алу (ISIN RU000A0JP5V6)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68b/e74/0cf/68be740cf369d166374145.png

05.09.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ «Ұлттық есеп айырысу депозитарийі» АҚ жіберген SWIFT-хабарламасына сәйкес ПАО «Банк ВТБ» бойынша корпоративтік іс-әрекет — артықшылықпен сатып алу құқығы туралы хабарлайды.

Артықшылықты құқық қолданыстағы акционерлерге жаңа шығарылатын акцияларды басқа инвесторларға ұсынылғанға дейін сатып алу мүмкіндігін береді. Бұл құқық заңмен бекітілген және акционерлерге компаниядағы үлесін сақтауға мүмкіндік береді.

Хабарламада келесілер көрсетілген:

  • Қосымша шығарылатын акциялардың бағасын эмитенттің бақылау кеңесі орналастыру басталғанға дейін белгілейді.
  • Баға акциялардың номиналды құнынан төмен болмауы тиіс. Артықшылықты құқықты пайдаланатын акционерлер үшін баға басқа инвесторларға қарағанда 10%-ға дейін төмен белгіленуі мүмкін.
  • Әр акционер сатып ала алатын акциялардың ең көп саны оның 11.08.2025 ж. иелігіндегі жай акциялар санына пропорционалды түрде анықталады.
  • Акцияларды орналастыру тек эмитент тарапынан баға мен орналастыру тәртібі жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, депозитарий шығындарды өтеу үшін есепке алу ұйымының тарифтеріне сәйкес нұсқаулық құнын қайта ұсынатынын хабарлайды.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
+7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343).