X5 Retail Group N.V. Аустыру ұсынысы

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/686/f5d/261/686f5d26196c1707355223.png

09.07.2025

Аустыру ұсынысы
Эмитент: X5 Retail Group N.V.
ISIN: US98387E2054
Бағалы қағаз түрі: GDR – депозитарлық қолхаттар
Іс-әрекет түрі: Ерікті корпоративтік іс-әрекет – аустыру

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі Euroclear Bank SA/NV хабарламасына сәйкес, X5 Retail Group депозитарлық бағдарламасы 2025 жылғы 25 шілдеден кейін тоқтатылады. Инвесторларға жаңа, ауыстырылған бағалы қағаздарды алуға мүмкіндік беріледі, олар Stichting STAK X5 Retail Group есебінде тіркеледі.


Маңызды:

  • GDR қолхаттары 2025 жылғы 25 шілдеден кейін жойылады
  • Ауыстырылған қағаздар Clearstream жүйесінде есеп айырысуға жарамсыз
  • Нұсқау беру мерзімі: 2025 жылғы 15 шілде, сағат 18:00 (Брюссель уақытымен)

Клиенттің әрекеттері:

Нұсқа 1 — Қатысу (Option 001):

Төмендегі мәліметтерді ұсыну қажет:

  1. GDR иесінің толық аты
  2. Тіркеу мекенжайы
  3. Жеке куәлік (түрі, нөмірі, берілген күні, орган)
  4. Байланыс деректері (эл. пошта, телефон)
  5. Иелік ету түрі

Нұсқау SWIFT немесе XACT арқылы беріледі. Шот пен ұсталатын көлем нақты көрсетілуі тиіс.

Нұсқа 2 — Қатыспау (Option 002):

Ешқандай әрекет қажет емес. Бұл жағдайда қағаздар Euroclear атына тіркеледі.


Қосымша ақпарат:

  • Құқықтық құжаттар қажет емес
  • Қосымша сұрақтар бойынша байланыс:
    +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343)