X5 Retail Group N.V. (ISIN US98387E2054): GDR қайта тіркеудің кешіктірілуі туралы ақпарат

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68d/e48/d86/68de48d8609bb217192303.png

01.10.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Clearstream Banking AG (Франкфурт) хабарламасы негізінде X5 Retail Group N.V. бағалы қағаздары бойынша корпоративтік іс-шара жөнінде мәлімет береді.

Эмитент қолданыстағы GDR қайта тіркеу процесінің кешіктірілуіне байланысты және қосымша тиісті ақпаратты қамтитын жаңартылған хабарламаны ұсынды.

Толығырақ ақпарат алу үшін эмитенттің ресми сайтына жүгінуге кеңес беріледі: www.x5.com.

Clearstream Banking аталған хабарламаның тек ақпараттық сипатта екенін, заңды міндеттемелік күшке ие еместігін атап өтеді. Қажет болған жағдайда клиенттерге тәуелсіз заңгерлік кеңес алу ұсынылады.