Басты бет/Корпоративтік қаржыландыру/Облигация ұстаушылардың өкілі (ОҰӨ)
"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Облигация ұстаушылардың өкілі (ОҰӨ)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигацияларды шығару және айналысқа енгізу кезінде эмитент алдында облигация ұстаушылардың мүддесін облигация ұстаушылардың өкілі (ОҰӨ) білдіреді.

Өкіл төменде көрсетілген қызметтерді жүзеге асырады:

1. Облигация ұстаушылар алдында эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындауын бақылайды;

1-1. Эмитенттің облигацияларды орналастыру кезінде алған ақшаны мақсатына сай пайдалануын бақылайды;

2. Эмитенттің облигация ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін мүліктің жағдайын бақылайды;

3. Эмитенттің облигация ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасайды;

3.1. Эмитенттің қаржы жағдайына мониторинг жүргізеді және оның корпоративтік оқиғаларына талдау жасайды;

4. Эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелерін орындамау мәселесі бойынша облигация ұстаушылардың құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған, сондай-ақ меншігінде эмитент орналастырған (сатып алынғандарды есептемегенде) облигациялардың елу және одан көп пайызы бар облигация ұстаушылар атынан сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қолданады;

5. Кем дегенде бір тоқсанда бір рет осы тармақтың 1, 1.1, 2, 3, 3.1 және 4-тармақшаларына сәйкес өзінің іс-әрекеті және бұндай іс-әрекеттің қорытындысы туралы облигация ұстаушыларға және уәкілетті органға хабарлап отырады.

Біздің осындай қызмет көрсету бойынша үлкен тәжірибеміз бар және эмитенттер мен Облигация ұстаушылардың өкілі ретінде шығарылымдардың саны бойынша озат болып табыламыз.

Төменде көрсетілген ұлттық компаниялар осы қызмет түрі бойынша біздің клиенттеріміз болып табылады:

  • «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
  • «ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
  • «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ
  • «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ
  • «КазТрансГаз Аймақ» АҚ
  • «Алматы электр станциялары» АҚ
  • «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Екінші деңгейдегі банктер:

  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ
  • «Сбербанк Росcии» АҚ-тың ЕБ» АҚ
  • «Альфа-Банк» ЕБ АҚ
  • «Қазкоммерцбанк» АҚ
  • «ВТБ банк» АҚ және т.б.

Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз