"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Өз ісін жаңадан бастаған инвесторларға

Егер Сіз сақтау немесе көбейту мақсатында бос капиталыңызды инвестициялауды көздеген болсаңыз, біз Сіз үшін қолайлы инвестициялау тәсілін таңдауға көмектесеміз.

Брокерді таңдау

Заңнамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында жүргізілетін операциялардың барлығы тек Сіздің брокеріңіз арқылы ғана жүзеге асырылады, ол қор нарығында Сіздің мүддеңізді білдіреді. Сенімді брокерлік компанияны қателеспей, қалай таңдауға болады?
Таңдаудың негізгі критерийлері – міндетті түрде сәйкес лицензиясы және қаржы нарығында жұмыс тәжірибесі болуы. Мұндай ақпаратты Сіз компанияның web-сайтынан немесе сілтемесі бойынша өтіп, Қаржылық қадағалау комитетінің сайтынан ала аласыз.

Шарт жасау

Брокерлік компаниямен жұмыс өзіңіз таңдаған брокермен брокерлік қызет көрсету жөнінен Шарт жасаудан басталады. Осы Шарт бұқаралық және ресми сайтқа орналастырылған. Осыған байланысты Сізге тек Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қою қажет.
Шарт жасау үшін Сіздің жеке куәлігіңіз қажет болады. Жасалатын мәміленің неке және отбасы туралы заңнамаға сәйкес болуы үшін жұбайыңыздың нотариатты куәландырылған келісімін ала келуді ұсынамыз.
Брокерлік компаниямен шарт жасау Сіздің онда брокерлік шот ашуыңызды көздейді. Шотты екі тәсілмен ашуға болады:

Брокерлік компанияда шот аша отырып, Сіз өзіңіздің бағалы қағаздарыңыз бен ақша қаражатыңызды сақтауды жүзеге асыратын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде автоматты түрде шот ашасыз. Брокердің тек Сіз бен Қор биржасы және Орталық депозитарий арасында делдал болып табылатынын естен шығармаңыз.

Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет бекітілген Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Брокерлік шотты толықтыру

Қор нарығында қандай да бір мәміле жасау үшін Сізге төменде көрсетілген тәсілдердің ішіндегі өзіңізге ыңғайлы тәсілмен ақша аударып, брокерлік шотыңызды толықтыру қажет:

  • банктегі жеке шотыңыздан ақша аудару;
  • кез келген банктің есеп айырысу-кассалық бөлімі арқылы ақша аудару;
  • шотты қашықтан басқаруға арналған «StarBanking» жүйесін пайдалану.

Мәмілені өткізу

Қор нарығындағы кез келген операция тек Сіздің тапсырмаңыз бойынша ғана жүргізіледі. Сіздің рұқсатыңызсыз Сіздің ақша қаражатыңызды немесе бағалы қағаздарыңызды ешкім де пайдалана алмайды. Сондықтан қандай да бір операцияны жүргізетін кезде Тапсырыс (Бұйрық немесе Өкім) жасалып, оған Сіз жеке өзіңіз келіп қол қоясыз немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) қоясыз.
Қол қойылған Тапсырысыңызды бергеннен кейін Брокер оның дұрыс толтырылуын тексеріп, мәмілені өткізеді. Мәміле жасалғаннан кейін Сіз оны растайтын құжаттарды аласыз. Өзіңізге ыңғайлы болуы үшін «BCC Trade» электронды сауда-саттық платформасын қолданыңыз, ол арқылы Сіз кез келген операцияны жүргізіп, олардың жай-күйін қадағалай аласыз. Сауда-саттық платформасында жұмыс істеу үшін Сізге Келісіммен және Электронды қызмет көрсету ережесімен танысып алу қажет.

Құрметті клиент!

Мұнда брокерлік компанияның жұмысының тек қысқаша сипаттамасы берілген. Мәтіндегі сілтемелер бойынша өтіп, толық ақпарат және өз сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
Егер Сізге тікелей Брокерден ақпарат алған ыңғайлы болса, өтінеміз, info@bcc-invest.kz мекенжайына хат жазыңыз немесе +7 (727) 244 32 30; +7 (727) 244 32 24; +7 701 985 30 61; +7 701 742 87 98 нөмірлері бойынша телефон шалыңыз. Біз әрқашан Сізге көмектесуге және барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз.

Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз