Басты бет/Активтерді басқару /«Парасатты баланс» пайлық инвестициялық қоры

«Парасатты баланс» пайлық инвестициялық қоры

Сіздің ақша қаражатыңызды жинаудың әрі көбейтудің ең керемет тәсілі
Пайдың құны
9 желтоқсан 2018
3,329
+0,353%
Инвестицияның минималды сомасы - 10 000 теңге.

Сіздің ақша қаражатыңызды жинаудың әрі көбейтудің ең керемет тәсілі

«Парасатты баланс» ПИҚ теңгерімді стратегияға сай басқарылады. «ЦентрКредит – Парасатты баланс» пайлық инвестициялық қорының стратегиясы теңгерімді портфельді және белсенді басқаруды қалайтын инвесторларға сәйкес келеді. Акциялардың (ықтимал жоғары кірісті) және (портфель тәуекелін азайту үшін) облигациялар мен депозиттер сияқты бекітілген кіріс құралдарының арасында активтерді бөлу арқылы кірістілік пен тәуекел теңгеріміне қол жеткізіледі. Өсетін қор нарығы жағдайында портфельдегі акциялардың үлесі әдетте облигациялардың үлесінен асып түседі, баға белгілеудің төмендеу қаупі туған жағдайда, дағдарысқа қарсы активтердегі позициясы нығаяды.
Қорды басқарушы нарық конъюнктурасына қарай акциялар мен облигациялар портфелінің бөлінуін өзгертеді.

Ағымдағы активтердің шамамен 30% доллардағы және еуродағы бағалы қағаздардан тұрады. Қазақстан экономикасы тұрақсыз болған сәтте, тіпті мардымсыз болса да, күрт төмендеу қаупі төнгенде, қор активтерінің 70%-ына дейін валютаға күні бұрын аударылады. Осының арқасында Сізге теңгенің құнсыздануына қатысты уайымға салынудың қажеті жоқ.

Басқарушының алдында тұрған басты міндет – салымшылардың жинаған ақшасын сақтап қалу.

*Мемлекет инвестициялық қорларға салынған инвестициялардың кіріс әкелетініне кепілдік бермейді. 
Құн динамикасы

Қоры "ЦентрКредит - ақылға қонымды балансы"

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз