"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Салық бойынша кеңесші

Бағалы қағаздар нарығындағы кіріске табыс салу тәртібі жөнінде кеңес беру

Біздің компаниямыз салық декларациясын толтыру бойынша кеңес береді.

Сіздерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан кейін – «ҚРСК») 186-бабына сәйкес 31 наурызға дейінгі мерзімде өзіңіз тіркелген жердегі салық органына барып, өткен жылы алған кірісіңіз бойынша декларация тапсыру қажеттігі туралы ескертеміз.

ҚР Салық кодексінің 185-бабына сәйкес мүліктік кіріс (бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті және т.б. сатқан кезде құнының өсуі) алған жеке тұлғалар, сондай-ақ төлем көзіне салық салынатын өзге кіріс (дивиденд, облигациялар бойынша сыйақы және т.б.) алған өзге тұлғалар декларация тапсыруға міндетті. Қазақстанның KASE қор биржасында алынған кіріске салық салынбайды. Алайда салық декларациясын міндетті түрде тапсыру қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес салық органына есептілікті тапсырмау (уақытылы тапсырмау) ескерту немесе 15 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік жүктейтінін айта кету қажет. Сонымен қатар салынған салықты төлемеген жағдайда, төленбеген салыққа айыппұл және өсімпұл есептеледі, ал кейбір жағдайларда жеке тұлғаны қылмыстық жазаға тартуға негіз болады.

Біздің Компаниямыз арқылы бағалы қағаздар нарығында жүргізілген операцияларға салық салу тәртібі, сондай-ақ салық декларациясын толтыру және осы салық декларациясы бойынша сомаларды есептеу тәртібі жөнінде сұрақтарыңыз болса, Сіз Компаниямен Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар бойынша есептіліктің салық нысанын толтыру жөнінен кеңес беру қызметін көрсету туралы шарт жасай аласыз.


Бұл қызметке төмендегілер кіреді:

  • Клиенттің компанияның номиналды ұстауында тұрған жеке шотында тіркелген операциялардың негізінде бағалы қағаздар нарығында алынған кіріс бойынша салық есептілігін толтыру тәртібі мен бағалы қағаздармен жүргізілген операцияларға салық салу тәртібі жөнінде кеңес береді.
  • Тапсырыс берушінің Жеке шоты бойынша жүргізілген операциялар бойынша салық есептілігінің алдын ала 20-40.00 нысанын (pdf) Тапсырыс берушіге беру.
  • Берілген алдын ала салық есептілігі нысаны бойынша түсіндірме есеп беру.
  • Салық төлемдерін (салық салынатын табысы болған кезде) аудару үшін деректемелер мен салық сомасы туралы ақпарат беру.
Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз