Басты бет/Брокерлік қызмет көрсету/Салық тәуекелдерін басқару, Мүлікті жария ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Салық тәуекелдерін басқару, Мүлікті жария ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Біздің компаниямыз жеке тұлға клиент бағалы қағаздар нарығында жүргізілген операциялар бойынша салық декларациясын жасаған кезде кеңес беру қызметін ұсынады.
ҚР Салық кодексінің 185-бабына сәйкес мүліктік кіріс (бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті және т.б. сатқан кезде құнының өсуі) алған жеке тұлғалар, сондай-ақ төлем көзіне салық салынатын өзге кіріс (дивиденд, облигациялар бойынша сыйақы және т.б.) алған өзге тұлғалар барлық жеке тұлғалар декларация тапсыруға міндетті. Қазақстанның KASE қор биржасында алынған кіріске салық салынбайды. Алайда салық декларациясын міндетті түрде тапсыру қажет. Сіздерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан кейін – «ҚРСК») 186-бабына сәйкес 31 наурызға дейінгі мерзімде өзіңіз тіркелген жердегі салық органына барып, өткен жылы алған кірісіңіз бойынша декларация тапсыру қажеттігі туралы ескертеміз.

Біздің Компаниямыз арқылы бағалы қағаздар нарығында жүргізілген операцияларға салық салу тәртібі, сондай-ақ салық декларациясын толтыру және осы салық декларациясы бойынша сомаларды есептеу тәртібі жөнінде сұрақтарыңыз болса, Сіз Компаниямен Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар бойынша есептіліктің салық нысанын толтыру жөнінен кеңес беру қызметін көрсету туралы шарт жасай аласыз.

Ақшаны қор нарығында да жария етуге болады!

Біздің компаниямыз Сізге ақшаңызды тез әрі алым төлемей жария етуге көмектеседі. 2014 жылғы 30 маусымда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. Мүлікті жария ету дегеніміз – кірісін жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген немесе тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке меншік құқығын мемлекеттің мойындау рәсімі.

Ұсынылған жария ету рәсімі бойынша ақша қаражатын Екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарына салу қажет. Жария етілетін ақша қаражаты кемінде 60 күнтізбелік ай (алымды ұстамай) жинақ шотында жатуы қажет. Көрсетілген кезең ішінде ақшаны алған немесе басқа шотқа аударған кезде Банк ақша қаражатының жалпы сомасының 10% мөлшерінде алым ұстап қалады. Біз Сіздерге 10% алым төлемей-ақ, қор нарығы мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынамыз:

Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз