Басты бет/Корпоративтік қаржыландыру/Тікелей инвестициялар (Private equity) және стратегиялық және салық консалтингі
"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Тікелей инвестициялар (Private equity) және стратегиялық және салық консалтингі

Тікелей инвестициялар (Private equity). Егер Сіздің компанияңыздың борыштық жүктемесі жоғарғы болса және бизнесіңіздің ауқымын кеңейту қажет болса, «BCC Invest» АҚ-тың кәсіпқойлар командасы Сіздің үлесіңізді бағалап, оны жергілікті немесе шетелдік инвесторларға сата алады.

Тікелей инвестициялайтын жергілікті және халықаралық қорлардың мақсаты – борыштық қаржыландыруды (несиелер, облигациялар және т.б.) беру, болашақта ІРО-ға шығу, 3-5 жылдан кейін стратегиялық инвесторға қайта сату мүмкіндігімен компаниялардың 25-49% мөлшеріндегі қатысу үлесін сатып алу болып табылады.

Қысқамерзімді болашақтағы артықшылықтар

  • Компанияның өсуіне мүдделі жоғарғы кәсіби қаржылық серіктес пайда болады;
  • Тікелей инвестициялау қорларының капиталына қатысу басқа әлеуетті инвесторлар үшін оң нәтиже береді;
  • Борыштың капиталға байланысты арақатынасының төмендеуі (левередж), бұл компанияны банктер тарапынан қосымша қаржыландыру үшін тартымды етіп көрсетеді;
  • Компанияның өсуі нәтижесінде нарықтағы үлесінің артуы ықтимал.

Ұзақмерзімді болашақтағы артықшылықтар

  • Компания ІРО-ға шығуға немесе стратегиялық инвесторды тартуға дайын болады.

Стратегиялық қаржылық консалтинг. «BCC Invest» АҚ-тың кәсіпқойлар командасы стратегиялық қаржылық консалтинг аясында төменде көрсетілген қызметтерді ұсынады:

  • Қаржылық жоспарлау және талдау;
  • Бизнесті құрылымдау және бизнес-жоспарларды әзірлеу;
  • Қаржыландыруды тарту бойынша кеңес беру;
  • Компания балансын қайта құрылымдау (активтер мен міндеттемелерді басқару, қорландыру құрылымын талдау);
  • Инвестициялық ұсынымдарды әзірлеу.

Салық консалтингі. Егер Сізде іске асыруды жоспарлайтын инвестициялық активтер (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, қатысу үлесі және т.б.) болса, біз Сізге мәміленің осы түрін жасау кезінде салық салуды оңтайландыру мақсатында салық тәуекелдерін басқару және мәмілені құрылымдау қызметін ұсына аламыз.

Сондай-ақ «BCC Invest» компаниясы өз клиенттеріне бағалы қағаздар нарығында жүргізілген мәмілелер бойынша салық салынатын кірісті басқару, жоспарлау және есептеу бойынша консалтингтік қызметтерді ұсынады, бұл клиенттерге кәсіби салықтық жоспарлау кезінде қор нарығынан алған кірістерге байланысты салық төлеу бойынша салық жеңілдіктерін оңтайландыруға / пайдалануға мүмкіндік береді.

Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз