Басты бет/Брокерлік қызмет көрсету/Заңды тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету
"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Заңды тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету

Акциялар нарығындағы сауда операциялары – біздің қызметіміздің негізгі бағыты. Бірқатар жылдар бойы BCC Invest Қазақстанның акциялар нарығында көшбасшы орындарды алып келеді. Белсенді маркет-мейкер бола отырып, біздің трейдерлеріміз қазақстандық барлық ірі эмитенттердің акциялары мен екінші эшелондағы акциялардың тұрақты құндарын ұстап отыр. BCC Invest Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялар саудасына белсенді түрде қатысушылардың бірі болып табылады.

Біздің менеджерлеріміз – бірегей білімдері бар және қор нарықтарында жұмыс тәжірибесі бар, кәсіби деңгейі жоғары мамандар ұжымы. Олардың клиенттері – Қазақстанның барлық өңірлеріндегі, сондай-ақ көптеген алыс және жақын шет елдердегі жеке және институционалды инвесторлар.

BCC Invest инвесторларға (инвестиция сомасы бойынша шектеусіз заңды тұлғаларға) кең ауқымда брокерлік қызмет көрсетеді.

Біздің клиенттеріміз төмендегі қызмет түрлеріне қол жеткізе алады:

  • Брокерлік және депозитарлық шоттар ашу және оларға қызмет көрсету;
  • Ұйымдастырылған нарықта бағалы қағаздарды сатып алу-сату операцияларын жүргізу;
  • Биржадан тыс бағалы қағаздарды сатып алу-сату операцияларын жүргізу;
  • Бағалы қағаздардың қамсыздандыруымен қаржыландыру;
  • Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының қызметтері;
  • Акцияларды жаппай сатып алуды ұйымдастыру (бақылау пакетін жасақтау);
  • Маржиналды сауда-саттық жөнінен қызмет көрсету;
  • Андеррайтинг жөніндегі агент қызметі;
  • Маркет-мейкер қызметі;
  • Нақты уақыт режімінде баға белгіленімдері туралы ақпарат алу;
  • Интернет-сауда жасау мүмкіндігі;
  • Инвестициялық қорлардың, пайлық инвестициялық қорлардың, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының басқарушы компанияларына, сонымен қатар сенімгерлікпен басқарушыларға брокерлік қызмет көрсету, оның ішінде тапсырмаларды орындау, портфельдің құрамы бойынша аналитикалық материалдарға және нарық жағдаяттарына негізделген ұсынымдар жасау;
  • Клиенттің мүддесінде бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қатысу;
  • Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу бойынша ақпараттық-аналитикалық қолдау көрсету және ұсынымдар жасау.

BCC Invest келесі санаттар бойынша Қазақстан қор биржасының акционері және мүшесі болып табылады:

  • К – Биржада айналымда жүрген (сауда-саттық жасалатын) мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын сауда-саттыққа қатысуға құқығы бар.
  • Р – Биржаның ресми тізіміне қосылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалатын сауда-саттыққа қатысуға құқығы бар.
  • Н – Биржаның «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналымға жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен және жекешелендірілетін ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакетімен жасалатын сауда-саттыққа қатысуға құқығы бар.

Компанияның жұмыс регламентімен мына жерде танысуға болады.
Шарттың мазмұнымен мына жерде танысуға болады.

Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз