Басты бет/Брокерлік қызмет көрсету/Жеке тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету
"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Жеке тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету

Брокерлік қызмет көрсету – Клиенттің тапсырмасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу/сату бойынша қызмет көрсету. Шешімді дербес қабылдауды және өз капиталын басқаруға тікелей өзі қатысуды ұнататын клиенттерге арналған.

«BCC Invest» АҚ қор нарығында брокерлік қызмет көрсету мен номиналды ұстаушының қызметін көрсету жөнінен келесі қызмет түрлерін ұсынады:

Қандай да бір компанияның бағалы қағаздарын сатып алғанда, Сіз:

  • сатқан кезде пайда алуға;
  • дивиденд/купондық сыйақы түрінде пайда алуға;
  • ірі компанияның ортақ иеленушісі болуға;
  • қаржы жөніндегі біліміңізді көтеріп, дағдыларыңызды жетілдіруге мүмкіндік аласыз.

Ақша нарығы операциялары

Ақша нарығы операциялары Сізге бағалы қағаздар кепілімен ақша өтімділігін тиімді тартуға және орналастыруға мүмкіндік береді (РЕПО операциялары). Сонымен қатар Сіз бағалы қағаздар сатып алу (сату) үшін тиімді талаптармен ақша қаражатын айырбастау мүмкіндігіне ие боласыз.

Туынды қаржы құралдарымен жүргізілетін операциялар және ақпараттық операциялар
Сонымен қатар біз Сіздерге кеңес беру, қаржы құралдарын іздеу және іріктеу қызметін, портфель жасақтау және капиталды қорғау стратегиясы жөнінде ұсынымдар жасаймыз, туынды қаржы құралдарын ұсынамыз. Клиенттер әрқашан біліміні жетілдіріп, шоттар мен есептілік жүргізуге қол жеткізе алады.

Номиналды ұстау операциялары

Сіз өзіңіздің бағалы қағаздарыңызды есептен шығара аласыз немесе, керісінше, оқшау немесе халықаралық брокерлерде ашылған кез келген шотыңыздан аудара аласыз, бағалы қағаздарды кепілге қою немесе жүктелген ауыртпалықты алып тастау, бағалы қағаздарды айырбастау және сәйкес есептілік алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Аналитика

«BCC Invest» АҚ-тың клиенті болғанда, Сіз қаржы нарығының барлық маңызды жаңалықтарынан хабардар боласыз. Сондай-ақ Сіз өз Кеңесшіңізден аналитикалық шолу және инвестициялық идеялар алып тұрасыз. Мықты жасалған аналитика Сізге жинаған қаражатыңызды сақтап қана қоймай, оны әлдеқайда көбейтуіңізге септігін тигізеді.

BCC Trade электрондық сауда-саттық платформасы

Вcctrade сауда-саттық платформасы арқылы Сіз үйіңізден шықпай-ақ, компанияның сан алуан электрондық қызметтерін пайдала аласыз. Оқшау нарықта да, халықаралық нарықтарда да сауда операцияларын жүргізе аласыз. Сондай-ақ клиенттер жеке есепшоттары бойынша операциялар жүргізуге және ақпараттық операцияларға қол жеткізе алады. Бұл – шапшаңдықты және ыңғайлылықты қалайтын адамдарға арналған өте ыңғайлы сервис. Сауда-саттық платформасын қолдану арқылы жүргізілетін операциялар бойынша жеңілдетілген тарифтер көзделген.
BCC Trade сауда-саттық платформасында жұмыс істеу туралы толық ақпаратты мына жерде оқыңыз.

Starbanking – шотты қашықтан басқаруға арналған жүйе

Осы сервис арқылы біздің клиенттер дербес компьютерінің немесе ұялы телефонының көмегімен «Банк ЦентрКредит» АҚ-тағы жеке банктік шотынан «BCC Invest» АҚ-тағы брокерлік шотына қоса есептегенде 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшердегі қаражат аудара алады.
Starbanking жүйесін пайдаланудың тағы бір маңызды ерекшелігі – клиенттер жүйеде «BCC Invest» АҚ-тағы брокерлік шотының балансын өз бетінше қадағалай алады.

Біздің копаниямыздың есігі әрдайым ашық, ал біздің менеджерлеріміз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайын. Бізбен бірге қаржы нарығының мүкіндіктерін пайдалана отырып, балама әдіспен табыс табуға үйреніңіздер!

Компанияның жұмыс регламентімен мына жерде танысуға болады.
Шарттың мазмұнымен мына жерде танысуға болады.

Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз